• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2021

Павлодарда алимент төлемеген ана түрмеге жабылды

383 рет
көрсетілді

2021 жылы алимент төлеу бойынша сот үкімін немесе шешімін орындамағаны үшін өңірдің 67 тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алименттерді қасақана төлемеген 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«2018 жылы сот Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынынан балалар үйінде тұратын кішкентай ұлын асырауға алимент өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сот шешімі бойынша әйел ай сайын ұлына жалақысының 1/4 бөлігін кәмелетке толғанға дейін төлеуі керек еді. Алайда, ата-ана барлық талаптарды елемей, баласына ешқашан ақша төлемеген. Сот актілерін орындау міндеттілігі туралы сот орындаушыларының жазбаша хабарламалары мен ескертулеріне ешқандай әрекет жасамаған және пайда болған берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған», деді полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Қабдулманап Акебаев.Осыған байланысты сот әйелді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау» бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған және бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған. Алайда осыдан кейін де әйел өзі үшін тиісті қорытынды шығармаған.

Осы уақыт ішінде әйел жұмыс істеп, жалақы алған, бірақ оны сот орындаушысынан жасырған. Қарызды өтеу және ай сайын алимент төлеу мүмкіндігіне ие бола отырып, алимент төлемеген.

«Бүгінгі таңда әйел өзінің 5 жасар ұлына 1,5 млн теңгеден астам қарыз. Соның салдарынан 2021 жылғы 9 маусымда Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оған пробациялық бақылау белгілей отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», деді Қабдулманап Акебаев.