2021 жылғы бірінші тоқсанда елімізде 32,3 мың неке тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Ажырасу саны бір жылда 2,2 есе немесе 4,6 мыңға дейін азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірге тұрғандарына бір жыл да болмаған 100 ерлі-зайыптының бесеуі ажырасып кеткен. Ең көп неке қалаларда тіркелген: 21,8 мың. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға артық. Ауылдарда неке саны 14,1%-ға немесе 10,5 мыңға дейін өскен.
Қала тұрғындары арасында ажырасу жиі кездеседі: 3,6 мың ажырасу. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 52,7%-ға аз. Ауыл тұрғындары арасында ажырасу 63,1%-ға немесе 995-ке дейін азайған. Қалаларда ауылдарға қарағанда 2 есе көп неке қиылған, ал ажырасу 3,6 есе көп тіркелген.
Ең көп неке Алматыда тіркелген: еліміздегі некенің 12,4%-ы немесе 4 мың. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық.
Үздік үштікке Түркістан (3,7 мың неке) және Алматы (3,5 мың неке) облыстары енді. Ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында: 700 неке, жылдық өсім – 3,6%.
Ал Қостанай облысында неке саны азайған: 988. Өткен жылмен салыстырғанда 7,7%-ға аз. Неке санының ең көп өсуі елордада тіркелді: жылына 32,8% немесе 2,7 мыңға дейін. Сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстарында да жоғары өсім тіркелген. Ажырасқандар саны бойынша Алматы көш басында: 669 ажырасу, өткен жылмен салыстырғанда 52,4%-ға аз. Кейін тізімде Алматы (478 ажырасу) және Қарағанды (446 ажырасу) облыстары тұр. Ең аз ажырасу – Қызылорда облысында: 97.
Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірінде ажырасу санының жылдық қысқаруы тіркелген. 2020 жылы 128,8 мың ер мен сонша әйел некесін қиған. Ерлер арасында 107,6 мың адам бұрын үйленбеген, 19,8 мың адам бұрын ажырасқан, 1,3 мың адамның әйелі бұрын қайтыс болған, 162 ер адам бұрын үйленген-үйленбегенін көрсетпеген.
Әйелдер арасында 109,5 адам бұрын тұрмысқа шықпаған, 17,4 мыңы ажырасқан, 1,6 әйел жесір, 392 әйел бұрын тұрмысқа шыққан-шықпағанын көрсетпеген. Ерлер арасында 80,2 мың адам 29 жасқа дейін, 20,6 мың – 30-дан 34 жасқа дейін, 9,2 мың – 35-39 жас аралығында үйленген. 18 жасқа дейін 72 ер адам, зейнеткерлік жастағы 2,8 мың адам некесін қиған.