• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Маусым, 2021

Ақтөбе облысына бас имам тағайындалды

560 рет
көрсетілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ Ақтөбе облысының бас имамы болып Серікжан Еншібайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серікжан Еншібайұлы1982 жылдың 8 қыркүйегінде Монғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

Білімі:

– 2000-2004 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетін Дінтанушы және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып, бітірген;

– 2004-2007 жылдары Түркияның Кония қаласындағы «Хасеки» академиясында оқыды;

– 2009-2011 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің магистратурасында оқып, Дінтану магистрі атанды;

– 2016 жылы Мысырдағы әл-Азһар университетінде Дар ал-Ифта (Пәтуа бөлімі) 2 айлық білім жетілдіру курсынан өткен;

– 2018 жылдан бастап Нұр-Мүбарак университетінің докторанты.

Еңбек жолы:

– 2007-2012 жылдары ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің референті;

– 2012-2015 жылдары Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы;

– 2015-2017 жылдары Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы;

– 2012-2017 жылдары Ақтөбе облыстық Дін істер басқармасы жанындағы «Ансар» мекемесінің теологы ретінде (имамдық қызметпен қатар келісімшарт негізінде) деструктивті діни ағым өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді;

– 2017-2018 жылдары Атырау қаласы «әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы және «Шапағат» орталығының теологы (келісімшарт негізінде) қызметін атқарды; – 2018-2021 жылдары Алматы қаласындағы «Ибраһим» мешітінің бас имамы; – 2016 жылдан бастап Республикалық ақпарат насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

Үйленген, 4 қызы, 1 ұлы бар.