• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Маусым, 2021

Жапония оппозициясы Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы

404 рет
көрсетілді

Жапония оппозициясының көш басшысы - Жапония Конституциялық-демократиялық партиясының басшысы Юкио Эдано Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының күшін жою немесе кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Саясаткердің айтуынша, Олимпиаданы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде өткізу орынсыз әрекет. 

«Олимпиада ойындарын спортшылар үшін өткізгісі келетінін түсінемін. Бірақ оны бір жылға кейінге шегеру керек немесе мүлде бас тарту қажет», деді Эдано.

Саясаткер Олимпиада өтсе Жапония коронавирус инфекцияның жаңа толқынына тап болатынын айтты.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары бастапқыда 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегеріліп, биыл өткелі отыр.