ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Нұрлыбек Асылбекұлы Ғайсин Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
Нұрлыбек Ғайсин 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Мәскеудегі әлемдік экономика және қаржы институтынан заңгер мамандығын меңгеріп шыққан. Ал балық шаруашылығы саласында 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Балықшы» балық қорғау инспекциясының мемлекеттік инспекторы болып бастапты.
Осы тағайындауға дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.