Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафиннің және Жапониядағы Елшісі Сабыр Есімбековтің салтанатты ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рәсім барысында аталған елшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.