Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Айдап әкету» іс-шарасы кезінде анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция қызметкерлері іс-шара кезінде 146 техникалық қызмет көрсету стансасын, жеке автошеберханалар мен гараж кооперативтерін, автотұрақтарды, автокөліктерді бөлшектеу мен автобөлшектерді сату орындарын тексерді.
«Атырау облысы аумағында автокөліктер ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Айдап әкету» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде жедел-тергеу топтары құрылып, күдікті адамдарды анықтау, ұстау үшін жедел-іздестіру, арнайы тергеу жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 5 айдап әкету дерегін анықтады. Аталған деректерге қатысы бар 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.