• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Маусым, 2021

39 әйелі, 89 баласы бар: Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

3170 рет
көрсетілді

Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең үлкен отбасының 76 жастағы отағасы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Мизорам штатының бас министрі Twitter-парақшасында жариялады.

«Бүгін әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы Зиона Чана қайтыс болды. Оның отбасы тұратын ауыл шатымыздың басты туристік орындардың бірі болатын. Жатқан жерің жайлы болсын», делінген министрдің мәлімдемесінде.

Зиона Чана, полигамия тәжірибесін ұстанатын діни сектаның жетекшісі. 13 маусымда түнде қайтыс болған. Оның 39 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар.

Ер адам қант диабеті мен гипертониядан зардап шеккен. Дәрігерлер Чананың жағдайы Бактанг Тлангнуам ауылындағы үйінде нашарлағанын айтты. Жексенбіде кешке ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Чана 1945 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. Ол алғаш рет 17 жасында үйленді, әйелі Затианга одан үш жас үлкен еді. Отбасында 200-ден аса адам болды. Чананың отбасы әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Чана және оның отбасы тұратын Үндістанның солтүстік-шығысындағы ауыл туристердің қызығушылығын тудыратын ерекше орын саналған. Бактанг Зиона ауылында төрт қабатты үй салынған, онда 100 бөлме және 17 жуынатын бөлме бар. Әр бөлмеде 3-4 адамнан тұрады.