Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов от шарпыған «Кедр» моншасынан баланы алып шыққан жас жігіттерді марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өрттен құтқару кезінде көрсеткен жанкештілігі мен батылдығы үшін Шерхан Төлеуханов пен Жантөлеу Егінбай «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Оны Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов табыстады. Жігіттердің батыл іс-әрекетін атап өтіп, төтенше оқиға кезінде өзгенің өміріне немқұрайлы қарамағаны үшін алғысын жеткізді», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.