• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Атырауда атыс қаруын заңсыз сақтаған жігіт қамауға алынды

771 рет
көрсетілді

Құрманғазы ауданының 42 жастағы тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерек «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

Полицейлер 42 жастағы ер адам тұратын үйді тінту кезінде 1 ойық қаруы мен 5,6 мм калибрлі 1 патронды тауып, тәркіледі.

«Тексеру кезінде аталған азаматтың бұрын сотты болғаны расталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен тергеу басталды. Ал заңсыз қаруды сақтаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.