• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

COVID-19: Атырау стационарларында 341 науқас емделіп жатыр

213 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 43 адамнан қауіпті вирус табылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 38 науқас Атырау қаласында тіркелген. Ал, Теңіз кен орнында – 2, Жылыой ауданында – 1 адам, Индерде –  1, Мақат ауданында  1 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам емделіп шықты. Қазір 528 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланды. Модульдік ауруханада – 118, №2 облыстық ауруханада – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 64 адам емделіп жатыр. Ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 пациент жатыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.