Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде бір түнде мас күйінде көлік басқарған 5 ер адам мен 1 әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мас күйде ұсталған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен 5 ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алкогольдік ішімдік ішіп, рульге отырған әйелдің бір жасқа толмаған баласы бары ескеріліп, әкімшілік қамаудан босатылған. Бірақ, ол көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылды.