• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Маусым, 2021

Алматыда автобөлшек ұрлағандар қамауға алынды

295 рет
көрсетілді

Алматыда автокөлік катализаторларын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криминалдық полиция мәліметі бойынша, ұрлықпен айналысқан топ құрамында үш ер адам болған. Олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны.

«Қазіргі уақытта олардың Әуезов және Алатау аудандары аумағындағы төрт ұрылық дерегіне қатысы бар екені дәлелденді. Қаскөйлер қараңғыда және тек күзетілмейтін тұрақтары бар ауданда жұмыс істегені анықталды. Олар катализаторды кесіп алып, кейін сатумен айналысқан. Қылмыстық деректер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.