• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2021

Ұлттық санақ жүргізу үшін 27 мыңнан аса планшет алынды

319 рет
көрсетілді

Ұлттық санақты өткізу үшін Ұлттық статистика бюросымен біреуі 39 603,2 теңгеден, жалпы сомасы 1 085,6 млн теңгеге техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келетін Қытайда шығарылған 27 412 дана KOUZONE MTK6592 планшет компьютері сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ қосымша гарнитуралар – планшет қаламдары, қорғаныш тысқабы, қорғаныш шынысы, power bank алынған.

«Планшеттерді интервьюерлер үй шаруашылықтарын жалпы аралау кезінде мәліметтерді жинау мен тіркеу үшін пайдаланатын болады. Бұл қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, жинақтылығын арттыруға және қағаз бен кеңсе құралдарына жұмсалатын шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Онымен қоса, санақ деректерінің сапасы мен нақтылығы арттырылып, деректер сапасына адам факторының ықпалы барынша азайтылады. Планшет пен арнайы бадарлама арқылы интервьюер сауалнаманы онда орнатылған барлық арифметикалық және логикалық бақылаулармен қоса, классификатор және анықтамалықтарды пайдалана отырып жүргізе асырады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы деректер базасына жіберіледі», дейді Статистика комитеті.

Бюрода планшеттердің ары қарай санақ аяқталғаннан кейін де қолданыста болатындығы атап көрсетілді. Олардың басым бөлігі қазақстандық мектептерге беріледі. Тағы бір бөлігі Ұлттық статистика бюросында ай сайынғы, тоқсандық, жылдық салалық бақылаулар мен зерттеулер жүргізу үшін қалдырылады.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта жүргізіледі. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.

2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».