• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 15 Маусым, 2021

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентін қабылдады

237 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті және «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.  

Вагит Алекперов Елбасыға бірлескен жобалар, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына бағытталатын инвестиция көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.