Синоптиктердің болжауынша 16 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыс жағалауында түнде және күндіз тұман болады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында дауыл, бұршақ болжанады.
Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл көтерілед.
Батыс Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Сонымен қатар Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Жамбыл Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.