Қазақстанмен көршілес Ресейде екінші апта қатарынан коронавирустық инфекцияны жұқтыру оқиғаларының рекордтық саны тіркелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
КВИ фактілерінің күн сайынғы өсімі 14 185 жағдайды, індеттен болатын өлім көрсеткіші 379 құрайды.
Тұтастай алғанда, эпидемия басталғаннан бері Ресей Федерациясында коронавирустық инфекцияға шалдығудың 5 236 593 жағдайы тіркелген.
8 маусымнан бастап көрсеткіштердің тәуліктік ауытқу 13-14 мыңды құраса, мамыр айында бұл көрсеткіш 8-10 мыңнан аспаған-ды.
Бүгінгі таңда Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында санитариялық-карантин шаралары күшейтіліп жатыр.