Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңына сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті заңгер осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқанын айтты.
– Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, – деді Н. Нығматулин.
Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.