• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Маусым, 2021

Ақтауда ХҚО қызметкері жұмыс орнында асылып қалды

221 рет
көрсетілді

Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қосалқы бөлмеде асылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтаудағы филиалының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм орталықта бағбан болып жұмыс істеген. Ол жұмыстан тыс уақытта, яғни, жексенбі күні есікті іштен іліп алған.

«Ер адам есікті ішкі жағынан жауып, қосалқы бөлмеде асылып қалған.

Оқиға жексенбі күні жұмыстан тыс уақытта болды. Суицидтің себебі бізге белгісіз. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз», делінген баспасөз хабарламасында.