• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2021

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

297 рет
көрсетілді

Атырау полицейлері Өзбекстан Республикасының тағы бір азаматын ұстады. Шетелдік  мемлекетаралық іздеуде болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл дерек 15 маусымда  «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықталған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Оған Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен 2016 жылғы 1 қаңтарда Қылмыстық Кодекстің 223-бабының 2-бөлігімен (шетелге заңсыз шығу немесе Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру) қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Қазір шетелдік азаматты Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.