• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2021

Павлодар облысында аттан құлаған бала қайтыс болды

559 рет
көрсетілді

Қайғылы жағдай Ақтоғай ауданында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 02:15-те Павлодар қаласының полициясына қаладағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.- Полиция анықтағандай, 15 маусым күні 12:30-да Ақтоғай ауданы Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлап кеткен. Куәгерлер бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді департаментте.