Ақтөбе облысында қаңтарулы көлікте өртенген екінші бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2014 жылы туған бала денесінің 80 пайызын күйік шалып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген. Жансақтау бөлімінде ем жүргізілді. Медициналық авиациямен барған мамандар да көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ем нәтижесі болмай, бала кеше түнгі 12-де көз жұмды. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалған», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Айта кетейік, Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп кеткен. Жанып жатқан көліктен 7 жасар бала шығып үлгеріп, ал 3 жасар бала өртеніп кеткен еді.