• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2021

Бейжіңде Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтті

285 рет
көрсетілді

Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінде Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің аясында «Тау-кен өнеркәсібіндегі екіжақты инвестициялық ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дөңгелек үстел жұмысында екі елдің 60-тан астам компаниялар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазақстандық тараптан – Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Kazakh Invest», «Тау-кен Самрұқ» және «ҚазГеология» ұлттық компанияларының, қытайлық тараптан – «China Nonferrous Metals Industry Association», «Jiangxi Copper Industry Group Ltd», «Jiangxi Tungsten Industry Holding Group Co.. Ltd», «China Railway Third Bureau Group Co. Ltd», «Minmetals Nonferrous Metals Co. Ltd», «Western Mining Group Co. Ltd» және т.б. өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың алдында Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бейне байланыс форматында алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында қазақстандық ұлттық компаниялардың басшылары ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктерін, инвестицияларды қолдау саласындағы жаңа шаралары мен мемлекеттік саясатын, сондай-ақ еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі әлеуетін таныстырды.

Қытай компанияларының өкілдері өз тарапынан жиналғандарды олардың қызмет аясымен таныстырды, тау-кен саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы өз көзқарастарын ұсынды, сондай-ақ қазақстандық тараппен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.