Бүгін шамамен 12 сағат 18 минутта «SHACMAN» маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қала жақтан Астрахан тасжолы бойымен Талапкер ауылына қарай келе жатып, жолдың жүру бөлігінде алдын ала тиісті орынға тұрмай, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан «Nexia» маркалы автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Nexia көлігінің рулінде 52 жастағы жүргізуші болған. Жол апаты салдарынан «Nexia» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.