• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2021

Ақмолада 32 жастағы әйел теміржол көпірінен секіріп өлмек болды

176 рет
көрсетілді

Ақмола облысында теміржол көпірінен құлап суицид жасамақшы болған 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Макинка станциясындағы желілік полиция бөліміне теміржол вокзалының кассирі хабарласып, станцияның перронындағы теміржол көпірінде әйелдің суицид жасағалы тұрғанын айтқан.

Айтылған жерге дереу Макинка бекетіндегі желілік полиция бөлімшесінің полицейлері Ғұмар Нұрикенов, Бауыржан Оразов және Абзал Оралов жетті.

Тәртіп сақшылары әйелмен сөйлесіп, райынан қайтарды.

«Біз күйзеліске ұшыраған адаммен диалог қажет екенін анық түсіндік, сондай-ақ ол секіріс жасаған жағдайда нақты шаралар қабылдау маңызды болды», дейді полицейлер.

Полиция бөлмесінде әйел сабырға келіп, онымен әңгіме жүргізілді.

Сонымен бірге, оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.