• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Маусым, 2021

Ақ үй: АҚШ пен Түркия Кабул әуежайы туралы келісімге келді

310 рет
көрсетілді

НАТО күштері Ауғанстаннан шыққаннан кейін Түркия Кабул Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады.  Бұл туралы Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, тиісті келісім Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің Брюссельдегі алғашқы екіжақты кездесуі кезінде жасалған.

«Президент Режеп Тайып Ердоған қандай да бір қолдауды қажет ететіндігін айтты және президент Байден мұндай қолдау көрсетіледі деп уәде берді», деді Салливан.

Оның айтуынша, қазіргі кезде екі елдің өкілдері президенттердің тапсырмасы бойынша келісімді жүзеге асырудың егжей-тегжейін пысықтап жатыр.