Қазақстанның алты өңірінде құрғақшылық болады деп күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Метеорологтар мәліметі бойынша, ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның біраз аумағында ылғал жеткіліксіз болады деп күтіледі.
«Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін», делінген хабарламада.