Түрік әскерилері Мерич өзеніндегі бір аралда грек қауіпсіздік күштері қалдырып кеткен заңсыз 50 мигрантты құтқарды. Бұл туралы 18 маусымда Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Грекия қауіпсіздік күштері Түркияға мигранттарды заңсыз шығарып жіберуге тырысқан сыңайлы.
Министрлік мигранттардың жеке заттары тәркіленіп, ауыз сусыз және тамақсыз қалғанын атап өтті.
Министрлік мигранттарды құтқару сәтінен кадрлар жариялады.
Құтқарылған мигранттар грек қауіпсіздік күштері жасаған қатыгездік туралы жеткізген.