Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында жағалауында өскен тоғай мен қамыс қопалары жанған. Бұған аптап ыстық әсер еткен. Кейін «Маслопром» шағын ауданында да жағалау өрт тұтанды.
Жағалаудағы жалынды сөндіруге арнайы қызметкерлер мен техникалар жұмылдырылды.