Регби-7 спортынан Монакода өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан командасы екінші ойынды жеңіспен аяқтады деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Екінші жарыс күнінде қазақстандық регбишілер Папуа және Жаңа Гвениямен кездескен болатын.
Тартысты матчта 17:10 есебімен Анна Яковлева шәкірттері басым түсті.
Айта кетелік, топтағы алғашқы ойында Қазақстан командасы Тунисті жеңген болатын.