• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2021

Қазақстандықтардың орташа табысы анықталды

837 рет
көрсетілді

Осы жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай кірісі жан басына шаққанда орта есеппен 196,5 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық.

Қазақстан өңірлерінің арасында табысты көп табатындар мегаполистерде, Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге) тіркелді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққанда 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл артта қалды.

Табысы ең төмен - Түркістан облысының тұрғындары: 121,8 мың теңге. Бұл жетекші Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе аз және Қазақстан өңірлері арасындағы кіріс деңгейі бойынша соңғылардың қатарында тұрған Жамбыл облысынан (151,8 мың теңге) 20 пайызға аз.

2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай табысының үштен екісінен астамы еңбек қызметінен түскен табыстарға тиесілі: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мыңы - жалдамалы жұмыстан, 17,4 мыңы - өзін жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен.

Ал әлеуметтік трансферттер бойынша - 30 пайыздан аз. Оның ішінде 43,7 мың теңге - зейнетақы, ал жәрдемақы, шәкіртақылар, АӘК және тұрғын үй көмегі 9,1 мың теңге болды.

Айырмашылық  қала тұрғындарының пайдасына 2020 жылғы 40,4 пайыздан 37,7 пайызға дейін төмендеді.

Қалалық жерлерде халықтың табысы 9,9 пайызға, орта есеппен жан басына шаққанда 221,3 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 12,1 пайызға, 160,6 мың теңгеге дейін өсті.