• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2021

Өткен жылы 570 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған

319 рет
көрсетілді

2020 жылы 570 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бюджеттің атқарылуына қатаң талап қойылғандықтан, әзірге игеру бойынша жарыс жүріп жатыр. Бірақ сананы нәтиже алуға қарай қайта форматтау әлі де ойдағыдай іске асырылмай отыр. 2020 жылы бөлініп, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 570 млрд теңгені құрады. Бұған республикалық бюджетке қаражатты қайтару да, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтары да кіреді. Сондай-ақ барлық мемлекеттік аудит органдары, соның ішінде дағдарысқа қарсы ресурстардың жұмсалуы бойынша анықтаған бұзушылықтар да бар. Нәтижесінде бұл ақша пандемияның салдарын жеңілдету үшін уақытында жұмыс істемеді. Тек бұл ғана емес. Сондықтан біз өткен жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу кезінде мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі бастаған жұмысты жалғастыру өте маңызды деп есептейміз», деді Наталья Годунова.

Оның атап өтуінше, қолданыстағы шығыстардың сапасы және іске асырудан алынатын әсер мәніне оларды сыни тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді.

«Бұл жөнінде Мемлекет басшысы әр сөзінде айтып отырады. Бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі болған кезде басымдықтарды нақты айқындап, дәйекті түрде белгілеу қажет. Бұл барлық жоспарланған міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді және қабылданған шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі мен ұлттық жобалар бұған ықпал етеді деп үміттенеміз», деді ол.