• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Маусым, 2021

Алматы облысында 17 жасар қыз құрдасын пышақтады

621 рет
көрсетілді

Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылында 17 жастағы қыз замандасын суық қарумен жарақаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні Қаратал аудандық полиция басқармасына Орталық аудандық ауруханадан хабарлама түскен - Бастөбе ауылының 17 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алған.

Тергеу барысында анықталғандай, зардап шеккен қыз 17 жастағы күдіктімен мектептен таныс және араларында кикілжің туындаған. Оқиғадан бір күн бұрын олардың көше бойында жанжалдасқаны белгілі болды. Мәселені соңына жеткізу үшін жәбірленуші танысын түнде кездесуге шақырып, ұра бастаған. Соққының астында қалған екінші қыз қашып құтылып, өз үйінің ауласында жасырынған.

«Ол жерден жиналмалы пышақ тауып алып, артынан келген замандасының ішінен ұрған. Қылмыс құралы айғақзат ретінде тәркіленіп, іске дәлел ретінде тіркелді. Күдікті ата-анасының қолына тапсырылды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру яғни, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.