Ресейдің Краснояр өлкесіндегі «Ергаки» ұлттық саябағында жүрген бір топ туристерге аю шабуылдап, салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы Egemen.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Аю 13 адамнан тұратын туристер тобына шабуыл жасаған. Салдарынан екі адам зардап шегіп, оның біреуі – 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды», деп мәлімдеді ТЖМ жергілікті бөлімшесінен.
ТЖМ ақпаратынша, қазіргі кезде туристер бағдардан шығарылып жатыр.