Семейдегі соғыс ардагерлерінің баршасына тұрғын үй-комуналдық төлемдер үшін 5 мың теңгеден қаражат берілді. Мұның сыртында 300 соғыс ардагері пәтерлерін тегін жөндету тізіміне енгізілді. Ал осыған дейін басында баспанасы жоқ соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне пәтер сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 61 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.
Жоғарыда айтқандай арнайы жоспарға орай өткізілетін іс-шаралар мұның сыртында. Өткен жылы “Жол картасы” бағдарламасы аясында қайта жөндеуден өткізілген Жеңіс паркінде оған мүмкіншілік мол. Әрине, мұндай маңызды шарадан мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар мен оқу орындары да сырт қалмақ емес.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, СЕМЕЙ.