• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2021

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

141 рет
көрсетілді

Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркістан-Ташкент бағытында отандық әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақпен жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.