• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2021

Отгонцэцэг Галбадрах Токио олимпиадасына жолдама алды

285 рет
көрсетілді

22 маусымда Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес, Токио олимпадасына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған сәйкес, Шымкент қаласының спортшысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіде лицензияға иелік етті. Спортшы олимпиадалық рейтингте тиісті ұпай жинаған.

Отгонцэцэг Галбадрах – әлемдегі үздік дзюдошылардың бірі. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әлем чемпионатының және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сонымен, Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.

Стенд ату – Сәрсенкүл Рысбекова, Зоя Кравченко Оқ ату – Юрий ЮрковБокс – Закир Сафиуллин Каратэ – Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева Байдарка және каноэда есу – Сергей және Тимофей ЕмельяновтарКөркем гимнастика – Алина ӘділхановаДзюдо – Отгонцэцэг Галбадрах