Еуропа одағының жаңа ғарыш бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және мүше 27 мемлекетке спутниктік навигацияға, жерді бақылауға, ғарыш жағдайы туралы хабар тарату және қауіпсіз байланысқа инвестицияны ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жоспар бойынша ЕО ғарыштық бағдарлама агенттігі деп аталатын жаңа орган құрылмақ. Euspa Еуропа одағының орбитадағы жұмысын бақылайды.
Жаңа бағдарламаның тағы бір маңызды жетістігі – ЕО-ның Еуропа ғарыш агенттігімен (ESA) байланысын нығайтуында. Euspa мен ESA ұйымдарына мүше елдер саны бірдей емес. Мысалы, Ұлыбритания ESA-ға кіргенімен, Еуропа одағының мүшесі болмағандықтан, Euspa ұйымының қатарында емес. Дегенмен Еуроодақ Еуропа ғарыш агенттігін (ESA) техникалық кеңесшісі және өнеркәсіптік сатып алу агенті ретінде пайдаланады. Бұл одақ қаржылық негіздемелік серіктестік туралы келісім (FFPA) негізінде ресми түрде бекітілді. FFPA міндеттерді анықтап, 2027 жылға дейін Еуроодақтың ESA-ға тікелей беретін қаржы сомасын белгілейді. ЕО ғарышқа бөлген жалпы бюджеті – 14,88 млрд еуроның шамамен 9 млрд еуросын осы ұйымға бермек. Қазіргі уақытта ЕО Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) төрттен бір бөлігін қаржыландырып отыр.