• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2021

Ғарышты зерттеу – басымдық

1194 рет
көрсетілді

Еуропа ода­ғының жа­ңа ға­рыш бағдар­ла­масы ресми түр­де іске қо­сылды. Бағдарлама 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және мүше 27 мемлекетке спутниктік навигацияға, жерді бақылауға, ғарыш жағдайы туралы хабар тарату және қауіпсіз бай­ланысқа инвес­тицияны ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жоспар бойынша ЕО ғарыштық бағдарлама агенттігі деп аталатын жаңа орган құрылмақ. Euspa Еуропа одағының орбитадағы жұмысын бақылайды.

Жаңа бағдарламаның тағы бір маңызды жетістігі – ЕО-ның Еуропа ғарыш агенттігімен (ESA) байланысын нығайтуында. Euspa мен ESA ұйымдарына мүше елдер саны бірдей емес. Мысалы, Ұлыбритания ESA-ға кіргенімен, Еуропа одағының мүшесі болмағандықтан, Euspa ұйымының қатарында емес. Дегенмен Еуроодақ Еуропа ғарыш агенттігін (ESA) техникалық кеңесшісі және өнеркәсіптік сатып алу агенті ретінде пайдаланады. Бұл одақ қаржылық негіздемелік серіктестік туралы келісім (FFPA) не­гі­зінде ресми түрде бекітілді. FFPA мін­дет­терді анықтап, 2027 жылға дейін Еуроодақтың ESA-ға тікелей беретін қаржы сомасын белгілейді. ЕО ғарышқа бөлген жалпы бюджеті – 14,88 млрд еуроның шамамен 9 млрд еуросын осы ұйымға бермек. Қазіргі уақытта ЕО Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) төрттен бір бөлігін қаржыландырып отыр.