• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 11:16

Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

20 рет
көрсетілді

Тенннисші Александр Бублик Монте-Карлода өтіп жатқан беделді «Мастерс» сериясының турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың екінші айналымында сегізінші нөмірде өнер көрсеткен отандасымых Франция өкілі Гаэль Монфисті қапы қалдырды. Әлемнің бұрынғы алтыншы ракеткасымен өткен кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Тартысты бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.

Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

Енді турнирдің келесі кезеңінде Александр Бублик Иржи Легечка (Чехия) мен Алехандро Табило (Чили) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

WTA рейтингі: Юлия Путинцева бірден 65 сатыға жоғарылады

Соңғы жаңалықтар