• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 24 Маусым, 2021

Францияда тегін оқиды

564 рет
көрсетілді

«Абай-Верн» ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бағдарлама бойынша 30-дан астам қазақстандық магистрант пен доктарант Францияда тегін білім ала алады.

Ұтқырлық бағдарламасы коронавирус пандемиясына байланысты мораторий енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қайта жү­зеге асырыла бастады. Білім және ғылым министрі Асхат Айма­­ғамбетов пен Францияның Қазақ­стандағы Елшісі Дидье Канесс франко-қазақстандық сти­пендия туралы келісімге өз­геріс­­тер енгізу туралы хатта­ма­ға қол қойды.

2021-2022 оқу жылында екінші курстың 30 магис­тран­ты және Қазақстан мен Фран­ция­дағы ғылыми жетек­шілермен бір­лесіп диссертация дайындайтын 5 докторант «Абай-Верн» стипен­диясының иегері атана алады.

«Абай-Верн» стипендиясы магистранттар мен докто­ранттарға француз және ағыл­шын тілдерінде Франция уни­вер­ситеттерінде оқу үшін беріледі. Үміткерлердің француз жоғары оқу орнына немесе ғы­лыми-зерттеу орталығына магис­тратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс», деп атап өтті БҒМ Халықаралық ын­тымақтастық департаменті директорының міндетін атқару­шы Эльмира Асан.

«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді. Сондай-ақ сти­пендианттар Франциядағы университет жатақханасында орын алуға артықшылықты құ­қық­тарға ие болып, ұзақ мерзім­ді студенттік виза және фран­цуз­дық әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне тегін тіркеле алады.

«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бо­йынша құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 4 шілдесіне дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді.

«Абай-Верн» – Білім және ғы­лым министрлігі мен Фран­цияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен сти­пендиялық бағдарламасы. Келісімге қол қойылған кезден бастап 158 қазақстандық магис­трант пен докторант беделді «Абай-Верн» халықаралық сти­пендиясының иегері атанған.