• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Маусым, 2021

24 маусымға арналған ауа райы болжамы

624 рет
көрсетілді

Синоптиктер 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, кей жерлерде түнде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Ал Қазақстанның батыс бөлігінде антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік пен шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ жауады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жауады, жел  жылдамдығы15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейед.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.