24 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан.
«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.