• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Маусым, 2021

Сенатта Жоғарғы сот судьялары ант берді

674 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы сот судьялары лауазымына кандидат ретінде Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті, Дана Тоқмырзинаны таныстырды.

Осы орайда аталған кандидаттарды сайлау туралы Сенат қаулысы дауыс беруге шығарылды.

Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидаттарды қолдау туралы шешім шығарды.

Жаңа қызметке сайланған судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.