«Құрметті Ashyq қызметінің пайдаланушылары, қазір қосымшада техникалық ақаулар орын алғаны байқалады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген Ashyq Telegram арнасында осы жобаға қатысушыларға арналған хабарламада.
Төрт минуттан кейін қосымшаны пайдаланушыларға жұмыс қалпына келтірілгені туралы хабарланды.
«Қосымша жұмысы қалпына келтірілді! Кез келген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз!», делінген хабарламада.