«Қазгидромет» РМК маусымның 25-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
25 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың шығыс бөлігіне әсер етіп, соған байланысты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-шығыстың кей бөлігінде тұман түседі.
Батыста күн жауын-шашынсыз және аптап ыстық болады.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің жылдадығы кей жерлерде секундына 15-20 мтрге ейін күшейеді.
Алматы облысында желдің екпіні 23-28 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысында жел шаңды дауылға ұласады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе Маңғыстау Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.