• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Маусым, 2021

Елордада «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады

288 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жыл соңына дейін «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады. Бұл туралы QazExpoCongress ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана EXPO-2017 халықаралық көрмесінен кейін кешеннің тағдыры не болады деген сұрақ туындады. Сол үшін арнайы талдау жүргізілді. Мақсат – «Астана ЭКСПО -2017» көрме кешенін одан әрі тиімді қолдану. Талдаудың нәтижесінде кешеннің болашақтағы қызметі бойынша тұжырымдама әзірленіп,  2018 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысымен бекітілді», деді А.Шәйжүнісов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Елордадағы ЭКСПО іскерлік орталығы аумағында   барлығы 15 нысан бар. Олардың қатарында «Нұр-Әлем» болашақ энергиясы мұражайы, Астана IT университеті, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Astana Hub IT-стартаптар технопаркі және басқа да компаниялар бар.

«Одан бөлек, қазіргі уақытта кешен аумағында «Цифрлық үкіметтің» кеңсесі құрылып жатыр. Жаңа кеңсені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Осылайша бүгінгі күні ЭКСПО кешенінің 98 пайызы жұмыс істеп тұр. Яғни біздің базада іскерлік белсенділікті ынталандыру және жетекші даму институттарын тарту үшін толыққанды бизнес орта қалыптасты. Сонымен қатар кешен аумағы кез келген деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, заманауи инфрақұрылым мен экожүйе», дейді ол.