Қазақстаннан тағы екі теннисші Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық теннис федерациясы осы қос теннисшінің Олимпиадаға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.
Осылайша Токиоға алты бірдей теннисшіміз аттанғалы отыр. Бұдан бұрынғы Олимпиадаларда қазақстандық теннисшілер төрт жолдамадан артық иеленіп көрген жоқ еді.
Теннисшілердің жекелей не жұптық сында өнер көрсететіні дүбірлі дода жақындағанда шешіледі.