Чехияда торнадо салдарынан 7 ауыл мен бір қала қирады, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Чехияның оңтүстік-шығысында Словакия мен Австрияның шекарасына жақын жерде болған қатты құйыннан 300-ге жуық адам зардап шекті. Ал 120 мыңдай отбасы жарықсыз қалып отыр. Оқиға орнында тек Чехиядан ғана емес, Австрия мен Словакиядан да келген дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Қазір құтқарушылар сол маңдағы тұрғындарды эвакуациялап, үйінділер астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Елдің бұл бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.