Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күміскөмей әнші, облыстық филармонияның директоры Кенжеғали Мыржықбай Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арнап Жамбыл атындағы драма театрында соғыс және тыл ардагерлеріне арнайы концерт берді. Әнші әсіресе жауынгерлік әндерді шырқаған кезде қариялар риза болып, алғысын жаудырды.
К. Мыржықбай мұның алдында Халық Қаһарманы, атақты сазгер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына арнайы кеш ұйымдастырған еді. Оған облыстың белгілі әншілері мен халық аспаптары оркестрі, Нұрғисаның сырлы әуендерін айтуды ұнататын мәдениет қайраткерлері қатысқан болатын. Жақын арады филармония әртістері су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданының ауылдарына барып, тағы да қайырымдылық концертін бермек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.